Әр өңірде белсенді әйелдерді оқытатын сарапшылар пулы құрылады

Әр өңірде белсенді әйелдерді оқытатын сарапшылар пулы құрылады
Сурет: Newsroom.kz

Бұл бағдарлама нәзік жандылардың қоғамдық және саяси өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы қолдауымен өткізілген тренингте осы мәселе кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 300 белсенді әйел өтініш берген. Конкурстық іріктеу нәтижесінде 30 қатысушыдан тұратын тізім бекітілді. Енді олар «Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде әр өңірде дәріс өтеді.

«Ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігі немесе мүгедектар арасында өмір сапасын көтеру, тұрысы нашар, әлеуметтік аз қамтылған балалардың кешегі Мемлекет басшысы айтқан мектеп формасымен қамтамасыз етуде. Мұндай әлеуметтік мәдени мәселелерге әйелдің жанашырлығы, жалпы әйелдің табандылығы, әйелдің өз отбасында қалай шешемін көреді, дәл сондай шешемді мемлекеттік деңгейге ұсыну механизмі бүгінгі таңға әлсіз болып тұр», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова. 

.