Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді
Сурет: Olympic.kz

Жарысқа әлемнің 28 елінен 140 атлет қатысады.

Алматыдағы жаңа "ADD" үстел теннисі орталығында 13-18 қыркүйек аралығында үстел теннисінен "WTTContenderAlmaty" халықаралық турнирі болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Оған әлемнің 28 елінен 140 атлет қатысады. Жүлде қоры 75 мың доллар болатын Contender сериясының әлемдік деңгейдегі турнирі Қазақстанда алғаш рет өтпек.

"Қазақстан үстел теннисі федерациясы әрдайым халықаралық федерация қамқорлығымен беделді турнирлер ұйымдастыруға ниетті екенін айтып келеді. Бұл біздің еліміздегі үстел теннисі бойынша алғашқы халықаралық оқиға емес. 2017 жылы Нұр-сұлтан қаласында әлемнің ең мықты спортшыларының қатысуымен "ITTFWorldTourGrandFinals" халықаралық турнирі өткізілді. Өткен жылы біз "ITTFInternationalKazakhstanOpen" халықаралық турнирін өткіздік. Қазіргі турнир қазақстандық спортшылардың өз аумағында беделді халықаралық турнирге қатысуының бірегей мүмкіндігін ұсынады.Біз халықаралық федерацияның бізге көрсеткен сенімін жоғары бағалаймыз және осы турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз",– деді Ұлттық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Турнирге әлемдік үстел теннисінің атақты жұлдыздары, оның ішінде Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және Әлем Кубогының жеңімпазы Дмитрий Овчаров (Германия),Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юньжу (Қытай Тайбэй), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Маттиас Фальк (Швеция), Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Данг Цю (Германия), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Джэ-хен (Оңтүстік Корея) және басқалар қатысады.

ITTF және WTT ережелеріне сәйкес, аталған турнирде Қазақстан намысын 11 ер адам мен 11 әйел қорғайды, олардың арасында құрама лидері, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы кириллгерасименко, сондай-ақ халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, Азия жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері Алан Құрманғалиев бар.

Турнирді тікелей эфирде "QAZSPORT" телеарнасы мен ITTF халықаралық федерациясының ресми сайты көрсетеді.