Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді
Сурет: Wikipedia.org

Қызғалдақтың 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Барсакелмес қорығында Борщов қызғалдақтары гүлдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Барсакелмес Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан мәлімет бойынша, Борщов қызғалдағы Барсакелмес қорығында гүлдеді.

"Әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Борщов қызғалдағы да бар", - делінген ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ақпаратында.

Бұл қызғалдақ – ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған Арал теңізі өңірінің эндемигі. Аталмыш қызғалдақ түрі Барсакелмес қорығында көптеп кездеседі, сәуір-мамыр айында гүлдеп, мамыр-маусым айларында жемістенеді. Жемісі – үш ұялы көп тұқымды қауашақ.