Еңбек министрі есеп береді

Еңбек министрі есеп береді
Сурет: Gov.kz

Ертең ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. 

Кездесу online режимінде өтеді. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14.00-де басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөөз қызметіне сілтеме жасап.

 ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, Серік Жамбылұлы Шәпкенов министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және министрлік жетекшілік ететін салаларды дамыту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді.

Есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі министрліктің сайтында, сондай-ақ Facebook https://www.facebook.com/enbek.gov.kz, YouTube https://www.youtube.com/channel/UCR4RVBVn-HMQPkjJiN35UbA әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда жүзеге асырылады.