Қытайда ондаған адам жаңа вирус жұқтырды

Қытайда ондаған адам жаңа вирус жұқтырды
Сурет: Zakon.kz

Ғалымдар Ланя вирусының тасымалдаушысы ешкілер, иттер мен кеміргіштер деп отыр.

Бұдан бұрын Қытай мен Сингапур ғалымдары анықтаған Ланя генипавирусының жаңа түрін Қытайда кем дегенде 35 адам жұқтырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларында вирус жұқтырған 35 науқас анықталды», - деп жазады Пэнпай басылымы.

Науқастарда жөтел, қатты шаршау, құсу, жүрек айнуы байқалады дейді дәрігерлер.

Дегенмен, өлім-жітім немесе аурудың ауырлығы қаншалықты екені туралы әлі хабарланған жоқ. Сондай-ақ жаңа вирустың адамнан адамға жұғатыны да белгісіз.