Қызыл кітапқа енген ителгіні қырғыз асырмақ болғандар ұсталды

Қызыл кітапқа енген ителгіні қырғыз асырмақ болғандар ұсталды
Сурет: Рixabay

Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

20 қазанда Жамбыл облысында шекарашылар Қызыл кітапқа енген құстарды елден алып кетпек болған топты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Олар контрабандалық жүкті Қырғызстанға жөнелтпек болған.

Экология министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олар Қызыл кітапқа енген 9 сұңқар тұқымдас ителгі құсын алып өтпек болды.

Ведомство өкілдері қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.