Қытайда өтетін универсиадада 93 қазақстандық спортшы бақ сынайды

Қытайда өтетін универсиадада 93 қазақстандық спортшы бақ сынайды
Сурет: 2021chengdu.com

ISU-дің 31-ші Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өтеді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша , 28 шілде мен 8 тамыз аралығында болатын универсиадада 11 спорт түрінен 93 қазақстандық спортшы бақ сынайды. Ел құрамасы еліміздің 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған. Студенттік ойындар қатарында садақ ату, оқ ату, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, дзюдо, көркем гимнастика, үстел теннисі, таеквондо, у-шу, жүзу, семсерлесу бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Универсиадада 269 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған он мыңнан астам спортшы осы марапаттар үшін бақ сынайтын болады.  

Универсиада жарыстары «Армандар Чэндуде шындыққа айналады» ұранымен өтсе, бойтұмары 2019 жылдың 30 желтоқсанында таныстырылған «Ronq Bao» пандасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні сағат 20:00-де (Чэнду қаласының уақыты бойынша) спорт қалашығында қатысушы мемлекеттердің туларын көтеру рәсімі өтеді.