Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты

Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты
Cурет: Egemen.kz

5,9 балдық жер сілкінісі Токио маңында болған.

Жапонияда магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 43-ке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ге сілтеме жасап.

5,9 балдық жер сілкінісі 7 қазанға қараған түні Жапония астанасы Токиодан солтүстік-шығыс аймақта тіркелді. 

Жапон метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Чиба префектурасында болған. 

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 22.41-де 80 км тереңдікте тіркелді. JMA бір аптаның ішінде болатын осындай жер сілкіністері туралы ескертті.