Елордада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Елордада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Сурет: Яндекс.Дзен

Елордада 29 мемлекеттің қатысуымен жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтпек

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің дерегінше, ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында жабық ғимараттағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құрлық додасы 11-13 ақпанға жоспарланған.

Федерацияның мәліметінше, 29 мемлекет Азия чемпионатына қатысатынын ресми түрде растады. 

Айта кетелік, турнир 27 дисциплина бойынша елордадағы «Қазақстан» жеңіл атлетикалық кешенінде өтеді.