Қытай қауіпсіздік шарасын күшейтпек

Қытай қауіпсіздік шарасын күшейтпек
Сурет: ашық дереккөз

Қытайда Халық Өкілдері жиыны және Халықтық саяси консультативтік кеңесінің сессиялары басталды. Бұл жиналыстың ресми Бейжің үшін маңызы зор. Әлемдік геосаяси жағдай күрделенген тұста көрші мемлекет қауіпсіздік шарасын күшейтуге мүдделі, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.

Бейжіңде соңғы күндері қауіпсіздік саласына ерекше мән берілді. Оның басты себебі – Қытай астанасының назарын аударған жылдың басты ішкі саяси оқиғасы – «екі сессия». Бұл – билік жұмысын қорытындылау және болашаққа арналған міндеттерді анықтау. Мәселен, ЖІӨ өсімдік көрсеткіші 5% деп жарияланды.

Ли Кэцян, ҚХР үкіметінің басшысы: - Тұтынуды қалпына келтіру және кеңейту аса маңызды. Қала және ауыл халқының табысын арттыру, инвестициялар мен ынталандыру шаралары бүкіл қоғамды оң өзгерістерге алып келуі тиіс. 

Өткен жылы Қытай экономикасы 5,5%-ке өсуі тиіс еді. Алайда көрсеткіш 3%-тен аспады. Сарапшылар бұл мақсатқа биыл жететіне сенімді. Әлем жұртшылығын толғандыратын тағы бір мәселе – әскери шығындар. Биыл бұл мақсаттарға 225 млрд доллар жұмсалды. Жергілікті Қорғаныс министрлігі қаражат тек ұлттық егемендік пен қауіпсіздікті қорғауға бағытталалы дейді. Үкімет сонымен қатар шетелдік инвестицияларды қарқынды түрде тартуға және юаньның бағамын сақтауға ниетті. 12 млн-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады, - деп уәде етті.

Ли Кэцян, ҚХР үкіметінің басшысы: - Қоршаған орта ластануының алдын алу қажет. Қалада және ауылда экологиялық инфрақұрылым құрылысын күшейту, аса маңызды экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру бойынша ірі жобаларды дәйекті түрде жүзеге асыру мақсаты тұр. Көмірді экологиялық таза пайдалану бойынша жұмысты күшейту, жаңа энергия көздерінің жүйесін қалыптастыру қажет.

Сонымен биылғы «екі сессияның» деген қызығушылық ерекше. Себебі ол Қытай Компартиясының XX съезінен кейін өтіп жатыр. Сондай ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин үшінші мерзімге қайта сайланады деп күтіліп отыр. 5 жыл бұрын Конституцияға енген өзгерісті ескерсек, бұл болжамның жүзеге асуы әбден мүмкін.