Армения өз бақылаушыларын Қазақстанға жібереді

Армения өз бақылаушыларын Қазақстанға жібереді
Сурет: ашық дереккөз

Армения өз сарапшыларын Қазақстанда осы айда өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылауға жібереді. 

Тиісті шешімге Премьер-Министр Никол Пашинян қол қойды, деп жазады Аlmaty-akshamy.kz  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Армян делегаттары ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ДИАҚБ) шеңберінде қысқа мерзімді бақылау миссиясын орындау үшін 15-22 наурыз аралығында Орталық Азияның ең ірі елінде болады.

Қазақстанда кезектен тыс парламенттік сайлау 19 наурызда өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда республика Парламентінің Мәжілісін (төменгі палатасын) таратып, сол күні наурыздың үшінші жексенбісіне заң шығарушы органның кезектен тыс сайлауын тағайындады.