Киік мүйізін сатумен айналысқан 3 қазақстандық ұсталды

Киік мүйізін сатумен айналысқан 3 қазақстандық ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК

ҰҚК киік мүйізінің ірі партиясын ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ҰҚК Жетісу облысы бойынша Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыруы күдігі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады.

Тінту барысында олардан 1382 дана киік мүйізі алынды. Орман шаруашылық және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 млрд теңгеден артық бағалануда. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды, - делінген ҰҚК хабарламасында.