Хайуанаттар бағындағы қасқыр кішкентай қызды тістеп алды

Хайуанаттар бағындағы қасқыр кішкентай қызды тістеп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Қыз саусағын тордан өткізген

Өскемендегі хайуанаттар бағында қасқыр баланы тістеп алды. Полицейлер зардап шеккен қыздың ата-анасына сотқа жүгінуге кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушінің ата-анасы полицияға хабарласқан. Олар хайуанаттар бағындағы қауіпсіздік шараларын күшейту керек деп есептейді.

"Өскемен қаласының Сол жағалау полиция бөліміне 34 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласын қасқыр тістеп алған хайуанаттар бағының қызметкерлеріне шағымы барын айтып, арызданды", - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Полиция мәліметінше, 11 наурызда кәмелетке толмаған бала хайуанаттар бағы орналасқан қалалық саябақта анасымен бірге серуендеп жүріп, қасқырлар тұрған қоршауға жақындап жыртқышты сипамақ болған. Қыз саусағын тордан өткізгенде қасқыр тістеп алған.

"Айта кететін жайт, саябақтың ішкі ережесі бойынша, мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кейбір әрекеттерге тыйым салу туралы ескертулері бар алдын ала әзірленген маңдайшалар ілінген: оның ішінде жануардың торына шықпау, оның торына қол кіргізбеу бар. Осы ережелерді сақтамау салдарынан осындай оқиға болған", - деді ШҚО ПД өкілдері.

Полицейлер бұл жағдайда қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық құрамы байқалмайтынын атап өтті.

"Осыған байланысты арызданушыға сотқа жеке жүгіну ұсынылды", - деді полиция өкілдері.