Жетісу облысында 60 жанұя қоныс тойын тойлады

Жетісу облысында 60 жанұя қоныс тойын тойлады
Сурет: Ашық дереккөз

Алдағы уақытта тағы бір 60 пәтерлі үй пайдалануға беріледі

Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында мемлекеттік бағдарламамен салынған 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. 

Баспаналы болғандардың барлығы - үй кезегінде тұрған азаматтар. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар бар. 

Ескелді ауданының орталығында бірнеше жылдан бері көп қабатты үй құрылысы жүрмей, баспанаға мұқтаждар саны 1300-ге жеткен. Елді мекенде алдағы уақытта тағы бір 60 пәтерлі үй пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек, 8 көп қабатты үй салу үшін инженерлік-инфроқұрылым жүйелері тартылып жатыр.

«Өте қуаныштымыз. 13 жылдан астам уақыт тұрғын үй кезегінде тұрдық. Шүкір, бүгін осындай қуаныш бұйырып, қоныс тойын тойлап жатырмыз. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әр шаңырақта осындай мереке, береке болсын!» - дейді ауыл тұрғыны Ұлжан Ботпаева.