Хайнаньда бір айда 16 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Хайнаньда бір айда 16 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
Сурет: Voxpopuli.kz

Тамыз айының басынан бері Хайнань курорт провинциясында (Оңтүстік Қытай) коронавирус инфекциясының 16 мыңнан астам жағдайы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, 1-19 тамыз аралығында Хайнань провинциясында COVID-19 вирусын жұқтырудың 6,7 мыңнан астам жағдайы және ауру белгісі жоқ 9,5 мыңнан астам тасымалдаушы тіркелген.

Жергілікті билік мәлімдемесіне сәйкес, коронавирус жұқтыру жаңа жағдайларының саны соңғы екі күнде азайып келеді.

Сонымен қатар 9-19 тамыз аралығында бұрын курорттық аралдан шыға алмай қалған 124 мыңнан астам турист ұшып кете алды.

Бұл ретте 11 мыңнан астам турист аралдан теңіз арқылы кеткен.

Бұрын хабарланғандай, тамыз айының басында Хайнань провинциясында коронавирустың жаңа ошақтары тіркелді.

Бір ғана Санья курорт қаласында COVID-19 індетіне байланысты 80 мыңнан астам турист қайта кете алмай қалды.