Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер Алматыда ұсталды

Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер Алматыда ұсталды
Сурет: almaty-akshamy.kz

Алматыда халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы қылмыскерді 22 ақпанында Алматы облысы ІІД (ПД) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚБ) қызметкерлері ұстады

"Айта кету керек, Жамбыл облысының полицейлері ұсталған адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша іс жүргізу бастаған. Ұсталған ер адамның бірнеше ай бойы Алматы қаласының аумағында құқық қорғау органдарынан жасырынғаны анықталды", - деді Бауыржан Әленов.

Қазіргі ол Қарасай ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.