Қазақстан шахматшылары әлемдік рейтингте үздік сегіз елдің қатарында

Қазақстан шахматшылары әлемдік рейтингте үздік сегіз елдің қатарында
Сурет: Vse-kursy.com

Ел шахматшылары фавориттерден басым түсті

Шахматтан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік 8 елдің қатарына кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спортшылар «Онлайн олимпиада  2021» турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен болатын. Алайда АҚШ құрамасынан жеңіліс тауып, жарыс жолын аяқтады.

Ел шахматшылары топтық дивизионда турнир фавориті саналған Армения, Қытай, Румыния спортшыларынан басым түсіп, үздіктер қатарынан көріне білді.

«Мен бұл турнирге осымен 2 жыл қатарынан қатыстым. Мұндай форматта ойнау ұлттық құрама спортшылары үшін ыңғайлы. Осы жолы шахматшыларымыз тарихта болмаған жетістікке қол жеткізіп, үздік 8 елдің қатарына кіргенімізге қуаныштымыз»,– деді шахматтан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Рустам Хуснутдинов.