Балалар алаңынан кесілген жылқының басы табылды

Балалар алаңынан кесілген жылқының басы табылды
Сурет: ekaraganda.kz

Жағдайға қатысты әкімдік жауап берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 Бүгін Қарағанды тұрғындарын көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңында жатқан жылқының басы таң қалдырды. Аудан әкімдігі аумаққа жинау жұмыстары жүргізілетінін айтып, жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды корреспондент ekaraganda.kz.

 Бүгін Қазыбек би ауданының бірнеше тұрғыны келеңсіз жағдайға тап болды. Қала тұрғындары кеткен келеңсіздікті суретке түсіріп алған. Карбышев көшесіндегі ойын алаңына жақын жерде жылқының басы табылған. Оның жанында қаңғыбас бір топ иттер жүр. Бұл көрініс қала тұрғындарының одан сайын зәресін алғаны анық.

Басты кімдер алып келіп тастағанын анықтау мүмкін емес. Сондықтан әкімдіктер басты алып тастайтындықтарын айтқан.

«Бұл факті бойынша аумақты жинау жұмыстарын жүргізуші компанияға аумақты жинауға қатысты хаттама жіберілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.