Қазақстаннан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды

Қазақстаннан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл туралы ИИДМ мәлім етті

9 желтоқсаннан бастап елден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Бұл туралы ИИДМ мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді. Индустрия министрінің арнайы бұйрығы ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді», - делінген хабарламада.