207 мыңнан астам алматылық ревакциналаудан өтті

207 мыңнан астам алматылық ревакциналаудан өтті
Сурет: Inform.kz

Қалада 119 вакциналау пункті жұмыс істейді.

Алматыда бір тәулікте 1130 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«13 ақпан күні 1330 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 13 ақпаны аралығында қалада 1 080 105 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 045 348 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 326 адамның жасы 60-тан асқан», - делінген Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ревакциналаудан 207 296 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакциналау пункті жұмыс істейді. 140 вакциналау бригадасына 520 медицина қызметкері жұмылдырылды», - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.