Алматыда онкоурология бойынша шеберлік сағаты өтті

Алматыда онкоурология бойынша шеберлік сағаты өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Үш науқасқа операция жасалды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада американдық дәрігерлердің қатысуымен бес күндік «Онкоурология және урологиядағы заманауи тәсілдемелер» атты шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шара барысында үш науқасқа операция жасалды. Әсіресе, илиокодуиті қалыптасуымен радикалды простатцистоэктомия, сол жақтан лапароскопиялық нефрэктомия және сол жақ бүйректегі порциалды резекциясы секілді.

Барлық үш операция сәтті өтті. Бүгінгі күні науқастар әрі қарай ем алып жатыр. Тек ОҚКА урологтары мен онкоурологтары ғана емес, сондай-ақ, барлық қаланың мамандары мастер-кластан өзге онкоурологиялық аурушаңдық жөніндегі тақырыптық дәрістер тыңдап, күрделі ауруы бар науқастарды диагностикалау және емдеу алгоритмдерін талқылады, клиникалық талдама жүргізді, жаңа тенденцияларға акцент жасады.

«Шеберлік сағат орталық қалалық клиникалық ауруханада өтті.  Қалалық урология және андрология орталығының ашылуымен дәо түскенін айта кеткен жөн. Орталық қала тұрғындарына сапалы урологиялық көмек көрсетуді арттыру және қол жетімді болуын қамту мақсатында ашылған. Орталық консультативті-диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ, несеп жолының түрлі аурушаңдығы бар, интеркуррентті патологиясы бар, репродуктивті және сексуалды сипатта асқынулары бар қала тұрғындарына алдын ала көмек көресетеді, уроандрологиялық науқастарды диспансеризациялау және оңалтуды, хирургиялық аралсуды жүргізеді», - дейді мамандар.

Бұл үшін орталық барлық жаңа заманауи жабдықтармен, КТ, МРТ, шұғыл сыныпты УДЗ аппаратымен, қашықтық соққы-толқынды литотприптермен, роботталған оңалту кешенімен, вапоризация және резекция жасау үшін тулийлі лазерлік көпқызмет етуші хирургиялық жүйемен қамтылған.

Урология бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Бименовтің айтуынша, аталмыш мастер-класс өзекті болып табылады.

«Әрине, іс-тәжірибемен үнемі алмасу және түрлі оқыту түрлері біліктілікті арттырып емдеудегі жаңа әдістемелерді игеруге септігін тигізеді. Біздің дәріскерлер мен ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтқым келеді», - деп ойымен бөлісті.

 Аталмыш мастер-класс Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының шешімімен жергілікті бюджет есебінен өткізілгені туралы естеріңізге саламыз. Ұйымдастырушы- Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Жоғары медициналық колледжі.