Елімізде алғаш рет «Асанәлі» сыйлығы табысталмақ

Елімізде  алғаш рет  «Асанәлі» сыйлығы табысталмақ
Сурет: Kazakhfilmstudios.kz

Бұл сыйлық театр және кино майталмандарына беріледі.

Ол қазақ өнерінің жарық жұлдызы Қазақстанның Еңбек Ері,  аты аңызға айналған Асанәлі Әшімұлының 85 жасқа толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Сыйлық еліміздің үздік актерлеріне, режиссерлеріне, сценаристерге беріледі. Үміткерлерді арнайы құрылған сарапшылар тобы ұсынып, үздіктерін анықтайды.

"Дәл қазір алғаш рет ұйымдастырылып жатқан сыйлықта ешқандай жас шектеуі жоқ. Қазір ғана тапсырма алып шықтық. Барлық театрлардың осы соңғы жылдардағы үздік жұмыстарын экранға шыққан туындылардың ең үздік жұмыстарын ұсынатын боламыз. Сол жерде үлкен талқылау болады да соның ішінен бес жүлденің иегері анықталады", - дейді М.Әуезов атындағы драма театрының директоры Еркін Жуасбек.