Таеквондошылар 3 лицензияға ие болды

Таеквондошылар 3 лицензияға ие болды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық пара таеквондошылар Паралимпиада ойындарының 3 лицензиясына ие болды

Паралимпиада ойындарының квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз  Нұрлан Домбаев, +80 кг салмақта Нышан Өмірәлі және -57 кг салмақта Кәмиля Досмалова  биыл Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдамаға қол жеткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Спортшыларымыз әлемдегі рейтингтің  көрсеткішіне сәйкес,  топ 20 үздік спортшылар қатарына кірді.  

Бүгінгі күнге дейін қазақстандық пара спортшылар  Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 5 лицензияға ие болған: пара жеңіл атлетика,  пара пауэрлифтинг, волейболды отырып ойнау, пара каноэ және пара жүзу.  

Еске сала кетсек, Токио-2020 Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 25 спортшымен таныстырылып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) жеңіп алып, 48 жалпы командалық орынға ие болды.