Ұлт ұстазының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

Ұлт ұстазының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі Сурет: Inform.kz

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына - 150 жыл


2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойланбақ. 2021 жылғы 9 қарашада Үкімет арнайы қаулы шығарып, осы мерейтойды ұйымдастырып өткізуге төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары басқарған жауапты комиссияның құрамын бекіткен болатын. Осы комиссия Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар әзірлеген.


Аталған жоспардың жобасында 63 пункттен тұратын түрлі бағыттағы іс-шаралар қарастырылған. Оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы кескінделген пошта маркалары мен Ұлттық банк монеталарын шығарудан бастап, жол жөндеуге дейінгі нақты шаралар бар.


Олар: ғылыми конференция, симпозиум, форум түріндегі, онлайн және оффлайн форматтағы жиындар; ғалымның еңбектерін әлемнің танымал тілдерінде басып шығарып, халыққа таратуға бағытталған 8 шара; айтыс, мүшәйра, фестиваль, конкурс форматындағы республикалық және өңірлік деңгейдегі 12 байқау; Ахмет мұрасын сахналық қойылым, кино, спектакль арқылы дәріптеуге арналған шаралар; халықаралық деңгейдегі 7 ауқымды шара; ақпараттық-имидждік бағыттағы шаралар; сәулет және реставрациялық бағыттағы 7 шара.


Жоспарда жыл аяғына дейін Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы толықметражды көркем фильм түсіру қажеттігі де айтылған. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлық тағайындау ұсынылып отыр. Облыс орталықтарындағы мектептерге, орталық көшелер мен даңғылдарға мерейтой иесінің есімін беру үшін өңірлік ономастика комиссиялары белсенді жұмыс істеуі қажет. Халықаралық деңгейдегі іс-шараларға келсек, ТҮРКСОЙ аясында отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ыстанбұл қаласында дөңгелек үстел мен фотокөрме ұйымдастыру көзделген.


Ал, басты шараның діңгегі - ЮНЕСКО ұйымының штаб пәтері орналасқан Париж қаласында өткізілмек. Комиссия мүшелері осы жалпыреспубликалық жоспар аясында Сыртқы істер министрлігіне Түркияның Анкара қаласы мен Ресей Федерациясының Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесін қарастыруды ұсынған. Сонымен қатар, Әзірбайжан астанасында «Баку конгресі және Ахмет Байтұрсынұлы» атты конференция өткізу жоспарланған.


Ақпараттық-имидждік бағыттағы шаралардың ішінде арнайы портал құру бастамасын бөліп айтуға болады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында қайраткер тұлғаның өмірін, қызметі мен мұрасын зерттеуге арналған «Ахмет әлемі» интерактивті порталы құрылмақ. Сәулет-рестврациялық бағыттағы жұмыстардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлының есімін алған музей-үйлерді реставрациялау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында Ұлт ұстазына арнап ескерткіш орнату, Қостанай облысы Жангелді ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылындағы Ахаң туған үйді қалпына келтіріп, музей-үй етіп ашу және Байтұрсын әулетінің қорымын қоршау, Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды күрделі жөндеуден өткізу сияқты шаралар қамтылған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14