Қазақстандағы Adal партиясы қызметін тоқтатты

Қазақстандағы Adal партиясы қызметін тоқтатты
Сурет: Egemen.kz

Adal партиясы Amanat құрамына кірді.

Қазақстанның Әділет министрлігі Adаl партиясы өз қызметін тоқтатуға құжат тапсырғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty-Akshamy.kz.

2020 жылы бұрынғы «Бірлік» партиясының атауы Adal партиясы болып өзгерген еді. Партияның саяси кеңесінің құрамына тоғыз адам енді: Элдар Жұмағазиев, Алмасбек Садырбаев, Лаура Маликова, Олжас Ордабаев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұкаев, Игорь Шацкий және Мұрат Қожамқұлов.

Қазір Қазақстанда тіркелген алты партия бар. Олар:

  • Amanat;
  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • «Байтақ» халықтық-экологиялық партиясы.

26 сәуірде Адал партиясы Аманат партиясына қосылғаны белгілі болды.