Сағындық Телібаев Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы болып тағайындалды

Сағындық Телібаев Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы болып тағайындалды Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы әкімінің өкіміне сәйкес, қалалық мобилділік басқармасының басшысы болып Сағындык Телібаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сағындык Телібаев Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.  


2006-2007 жылдары – «Алматыметроқұрылыс» АҚ күрделі құрылыс бөлімінде тау-техникалық инженер, «Алматының салынып жатқан метрополитені дирекциясы» ШЖҚ МҚК күрделі құрылыс бөлімінде жетекші инженер болып жұмыс істеген.  


2011-2013 жылдары Алматы қаласының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасында бас маман қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары аталмыш басқармада жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы болған.  
2016-2019 жылдар аралығында  жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары,
2019-2020 жылдары осы басқарманың басшысы қызметін атқарған. 
2020-2022 жылдары ШЖҚ «Метрополитен» КМК директоры болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет