Қазақстанда қанша ит пен мысық бар?

Қазақстанда қанша ит пен мысық бар?
almaty-akshamy.kz

Экология министрлігінің мәліметінше, еліміздің барлық өңірлерінде үй жануарларының есебі жүргізілуде.

2023 жылы жануарларды есепке алу бойынша ақпараттық жүйелерде 304 708 ит пен 94 974 мысық тіркелген.

Елімізде 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ит, мысықтарды бірыңғай есепке алу базасында тіркеу міндетті болып табылады.