Қазақстанда ғалым жетіспейді

Қазақстанда ғалым жетіспейді
Сурет: 24.kz

Университеттер ғылыми кадрлардың қайнар көзіне айналуы тиіс.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазір бізде ғылыми кадрлар жетіспейді. Тәуелсіздіктің басында 52 мыңға жуық ғалым болса, 35 мың ғылыми қызметкерден айырылдық. Қазір ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер базасында 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Біздің ендігі міндетіміз - жастарды ғылымға тарту, - деді министр.

Саясат Нұрбек ғылымды қаржыландырудың форматтары мен үлгілерін қайта қарау туралы да айтты.

«Біз ғылымға ақша жұмсаймыз. Ұлттық кеңестер арқылы гранттар ұйымдастырамыз. Бірақ негізгі сұрақ: осы ғылыми гранттардың барлығының нәтижесі қандай? Бұл жердегі негізгі реформа бұл - біздің ғылымның барынша қолданбалы сипаты. Кез келген ғылыми зерттеу нақты мәселені шешуі керек», - деп түсіндірді ол.