Whats Аpp жаңа мүмкіндікке ие болды

Whats Аpp жаңа мүмкіндікке ие болды
Сурет: Вrusdom72.ru

Бұл туралы шілде айында айтылған.

Жақында WhatsApp мессенджерінде көптен күткен функция пайда болады - пайдаланушылар желіде болған кезде өзінің кімге көрінетінін таңдай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

WABetaInfo-ның хабарлауынша, мессенджер тобы бұл мүмкіндікті әзірлеуді аяқтаған.

Whats App әзірлеушілері жаңа мүмкіндік жақын арада мессенджердің бета-нұсқалары (Android, iOS және ДК) үшін қолжетімді болады деп уәде береді.

WhatsApp қолданушылары желідегі статустарын жасыра алатыны шілде айының басында белгілі болды.