Қазақстанда баспа өнімдері саласындағы қызметтер көлемі өсті

Қазақстанда баспа өнімдері саласындағы қызметтер көлемі өсті
Сурет: Egemen.kz

Қызметтердің басым бөлігі Алматы мен Астанада көрсетілген. 

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда баспа қызметіне көрсетілген қызмет көлемі 61,5 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем 3,6%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Оның 57,5 млрд теңгесін кәсіпорындар, 4 млрд теңгесін жеке кәсіпкерлер қамтамасыз еткен. Ауылдық жерлерде көрсетілген қызмет көлемі 2,1 млрд теңгені құрады. 

Қызметтердің басым бөлігі Алматы (29 млрд) және Астана (16 млрд) қалаларында көрсетілген. Өңірлер арасында баспа қызметіндегі қызметтердің ең көп көлемі Атырау (2 млрд.), Қарағанды (1,9 млрд.) және Қостанай облыстарында (1,3 млрд.) байқалды. 

Ең аз қызмет 134 млн теңгеге Абай ауданында көрсетілген. 

 Кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі 57,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 49,8 млрд теңге, ірі кәсіпорындар – 1,1 млрд, орта кәсіпорындар – 6,7 млрд теңге.