Елімізде қызылша ауруы балалар арасында таралуда

Елімізде қызылша ауруы балалар арасында таралуда Сурет: Tengrinews.kz

Осы жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазіргі кезде балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайтыны белгілі. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден келгендер мен туристерден анықталды, яғни Түркиядан, Ресейден, Мысырдан келген адамдардан байқалды. Осының салдарынан балалар ауруды жұқтыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды, оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған», - деді А. Ғиният.



Осы орайда ол қазір қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларды вакциналау жүріп жатқанын айтты.


Сонымен қатар министр мектептерде карантин талаптарын енгізу қарастырылмағанын айтты. Қызылша ауруына қатысты қатаң шектеу енгізудің реті жоқ.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12