Қазақстан Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту алды

Қазақстан Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту алды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Халықаралық Олимпиада комитеті ресми құжатты Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», делінген хабарламада.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы - Париж қаласында өтеді.