Қазақстан мобильді интернет ең арзан елдер қатарына енді

Қазақстан мобильді интернет ең арзан елдер қатарына енді
Сурет: Egemen.kz

Елімізде 1Гб мобильді интернеттің орташа құны небәрі 0,37 АҚШ долларын құрайды.

Бүгінде интернет электр, жылу, су, газ секілді басты қажеттіліктің біріне айналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Британдық Cable талдау ресурсының мәліметінше, өткен жылы 1 Гб мобильді деректердің орташа құны бойынша 233 елдің ішіндегі Израиль (0,04 $), Италия (0,12 $), Сан-Марино (0,14 $), Фиджи (0,15 $) және Үндістанда (0,17 $) ең арзан болып шықты.

Қазақстан - ең арзан мобильді интернеті бар елдердің қатарына кірді. Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны небәрі 0,37 АҚШ долларын құрады.

Зерттеу көрсеткендей, инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған елдер ранкингтің «арзан» бөлігінде орналасқан. Талшықты-оптикалық желілер және дамыған мобильді және кең жолақты инфрақұрылым абоненттерге трафикті төмен бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.

Ресейде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 0,48 АҚШ доллары, Германияда — 2,67 доллар, Португалияда — 3,67, Жапонияда — 3,85 доллар, АҚШ-та-5,62 долларды тұрады.

Қазақстанда мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен бағалардың бірі ғана емес, жылдық динамика жағынан алғанда да қысқарған.

Cable мәліметтері бойынша, 2021 жылы Қазақстанда 1 Гб мобильді интернеттің орташа бағасы 0,59 АҚШ долларын құрады. 2019 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш 0,49 және 0,46 долларға түсті.