Асхат Аймағамбетов: Бұл Жолдау Жаңа Қазақстанның бастауы болады

Асхат Аймағамбетов: Бұл Жолдау Жаңа Қазақстанның бастауы болады
mail.kz

"Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауының ұзақтығы 1 сағат 18 минут болды. Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының - Жаңа Қазақстанның бастауы болады", - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік парақшасында, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшысының жариялаған шешімдері қандай мұқияттылықпен қабылданса, алға қойылған міндеттерді дәл солай жүзеге асыру маңызды. Бүгінгі Жолдау жүрегімізден айрықша орын алғанымен келісесіздер деп ойлаймын. Отандастарымды Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуымен құттықтағым келеді. Құтты болсын!» - деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.