Қазақстан қалаларында кино билетінің бағасы қанша?

Қазақстан қалаларында кино билетінің бағасы қанша?
Сурет: Ura.news

Ең қымбат билет Атырауда.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы желтоқсан айында еліміздің кинотеатрларындағы бір билеттің орташа бағасы 1860 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Басқа өңірлерге қарағанда, кинотеатр құны атыраулықтардың қалтасына көбірек салмақ салып тұр. Мұнда киноға бару 2683 теңге тұрады. Екінші орында Шымкент – 2637, үшінші қымбат қала – Түркістан. Мұнда кино билетінің орташа бағасы – 2598 теңге.

Ең жоғары баға Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында да тіркелді. Бұл қалаларда киноға билет 1900-2500 теңге аралығында сатылады. Басқа өңірлерде баға 1350-1850 теңге аралығында.

Киноға кіру құны Таразда арзанырақ болып шықты. Мұнда киносүйер қауым бір сеанс үшін орта есеппен 1321 теңге төлейді.