Қазақстан ғалымдары сүт сарысуынан емдік сусын жасады

Қазақстан ғалымдары сүт сарысуынан емдік сусын жасады
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстандық ғалымдар емдік қасиеті бар сусын өндіру технологиясын ойлап тапты. Ол сүт сарысуынан жасалады.

Елімізде дәл қазіргі уақытта тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған 200-ге тарта сүт зауыты бар. Олардың әрқайсысы күніне 7 тоннаға дейін қалдық шығарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Енді әзірленген технология қоршаған ортаға зиян келтірмей, сүт қалдықтарын қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Оның үстіне адам ағзасына да шипасы мол. Аталған ноухаумен елімізідің микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары 6 жылға жуық уақыт айналысқан.

«Мына шартты патогенді организмді өлтіретін микробтарды таптық. Оны өлтірдік. Енді сол қалған нәрсесінің  ішінде адамға организмге пайдалы микроорганизмді қостық. Сөйттік те, оны ашытып, адам ағзасы үшін пайдалы нағыздың сусын жасап шығардық. Оның технологиясы біздікі. Ашытқысы да біздікі. Тек олардан құбырмен ағып келеді де, үлкен ыдысқа салады 2, 3, 5 тонна. Сонымен біз ашыту жүргіземіз. Микробиологиялық процестердің бәрін жүргізіп, содан кейін ыдыстарға бөліп құйып, қалаға сатып жатыр», - деді биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Амангелді Саданов.

Таза биологиялық өнімді тұрақты түрде ішіп тұрған жағдайда асқазан, ішек жолдары ауруларының алдын алады дейді мамандар. Сарысудан жасалған сусынның тағы 4 түрін өндіріске қою қолға алынып жатыр.