Полицейлер 1 460 бірлік қару мен 35 мың оқ-дәріні тауып, тәркіледі

Полицейлер 1 460 бірлік қару мен 35 мың оқ-дәріні тауып, тәркіледі
Сурет: Liter.kz

Қабылданған шаралар нәтижесінде еліміздің полицейлері 1 460 бірлік қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, тәркіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қаңтар оқиғасы, тергеу барысы туралы брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаруды алып қоюдан басқа, полиция қызметкерлері тәртіпсіздік кезінде ұрланған азаматтардың мүлкін іздеу және табу жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл - ең басым бағыттардың бірі, өйткені сол арқылы залалды өтеу жүзеге асады.

Полиция органдары ел азаматтары ұрлаған 340 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын мүліктерді тауып, тәркіледі.