Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Сурет: Munscanner.com

Күзетпен ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Сот шешімімен Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы созылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

 «2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан ақпаратта. 

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын. 

Forbes.kz жазуынша, Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. 

2021 жылдың қарашасындағы рейтинг бойынша ол бұл тізімде 14-орында тұр. 

Бизнес басылымы Қайрат Боранбаевты девелопер, құрылыс саласының кәсіпкері, активтерді басқару компаниясына иелік етуші деп сипаттайды.