Қалада 88 мыңнан астам адам ревакцинация салдырды

Қалада 88 мыңнан астам адам ревакцинация салдырды
Сурет: Webinfo.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 3 871 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«17 қаңтар күні 3 871 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 17 қаңтар аралығында қалада 1 088 922 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 037 087 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 573 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 34 015 адам салдырды. Оның ішінде 1865 жүкті әйел, 7 064 бала емізетін ана және 25 086 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 88 319 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцина бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылды», - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.