Қазақстан футбол құрамасы әлемдік рейтингте үш сатыға көтерілді

Қазақстан футбол құрамасы әлемдік рейтингте үш сатыға көтерілді
Cурет: Inform.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы 6 сәуір күні жаңартылған рейтингті жариялады.

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, ұлттық құрама жаңартылған рейтингінде үш саты жоғары көтеріліп, 112-орынға жайғасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізген болатын. Алғашқы матчта Словенияға (1:2) есе жібергенімен, кейін Данияны (3:2) жеңген еді.

ФИФА рейтингісі. 6 сәуір 2023 жыл:

1. Аргентина – 1840.93 ұпай

2. Франция – 1838.45

3. Бразилия – 1834.21

4. Бельгия – 1792.53

5. Англия – 1792.43

6. Нидерланд – 1731.23

7. Хорватия – 1730.02

8. Италия – 1713.66

9. Португалия – 1707.22

10. Испания – 1682.85

19. Дания – 1594.53

56. Финляндия – 1405.31

59. Словения – 1398.47

62. Солтүстік Ирландия – 1385.93

111. Кипр – 1179.45

112. Қазақстан – 1177.05

113. Гвинея-Бисау – 1172.3

211. Сан-Марино – 759.12.