Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Алматыда жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
almaty-akshamy.kz

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қалпына келтіру жұмыстарын 13 бригада жүргізеді. Зақымдалған 46 бағдаршам нысанының 38-і қалпына келтірілді, оның 5-уі уақытша сызба бойынша. Сондай-ақ, бүлінген 120 жол белгісінің 96-сы қалпына келтірілген, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Көше-жол желісі бойынша қалпына келтіру жұмыстарын 4 жол бригадасы бастап, жүргізуде. Кеше 90 ш.м төсем, 120 метр жиек және 37 жол люгі қалпына келтірілді. Тас төсемді қалпына келтіруді 13 қаңтарға дейін аяқтау жоспарлануда. Екі бригада машиналар мен от жағатын жерлерде жол жабынын тазартуға кірісті. 

Сонымен қатар, аялдама павильондары да бүлінген. Барлығы 43 павильон зақымдалды, оның 17-сінің әйнектері түгел сынған. Жеке компаниялар да қалпына келтіруге кірісті, бүгінде 2 павильон жөнделді. Жұмыстар жалғасуда. 

Сонымен қатар, алдын ала есептеулер бойынша 100-ге жуық велосипед жоғалған, 220-сы жөндеуді қажет етеді, 20 станция бүлінген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды, сондай-ақ залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб