17 қазанға арналған күн райы болжамы

17 қазанға арналған күн райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда көшпелі бұлт шығып кешкісін жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК-сы 17 қазан күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстаның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. 

Елдің батысында ғана антициклон жотасы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батысында, солтүстік- батысында, солтүстігінде – тұман.

Күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып кешкісін жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады күші 2-7, күндіз екпіні 12 м/с. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы болады.