Mars Pro жобасының үйлестірушісі Алмас Сағынұлы: Жастар да, дәрігерлер де қолдау көріп отыр

Mars Pro жобасының үйлестірушісі Алмас Сағынұлы: Жастар да, дәрігерлер де қолдау көріп отыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 25 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, қаламыздың дамуы мен экономика, экология, бизнес, оқу-білім, медицина саласындағы өзекті мәселелер мен атқарылған істерге тоқталды, болашақ жоспарлармен бөлісті.

Мегаполис басшысының атқарылған істер жөніндегі сөзін тыңдаған қала тұрғындары бүгін өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Коронавирустық дағдарыстың көрсеткен басты сабағы – біз дәрігерлер мен Жедел жәрдем қызметкерлерінің жауапты жұмысына мұқтажбыз, солардың арқасында бұл індетті жеңетінімізге сенемін. Күн демей, түн демей жұмыстарын атқарып жатыр, мың алғыс. Сондықтан да,  Алматы қаласы әкімінің тарапынан дәрігерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек – өте дұрыс және қажетті шешім.

Пандемияға байланысты дәрігерлермен бірге «қатардағы жауынгер» болып жүргендер - бұл, әрине – волонтерлар. Еліміздің жастары бүкіл жауапкершілікті түсініп, қорықпай, күреске атсалысқандары мақтанарлық  жағдай. Сондықтан да волонтерлер мемлекет олармен бірге екенін сезінсе, олардың қатары үлкеймек, демек, ел үшін  қызмет ететін адам саны да артады. Мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік көмек тұрғысында айтып өткендей, үй сертификаттарын табыстау Алматыда ерекше қарқын алып келеді. Бүкіл жастардың проблемасы – қоныс. Екі-үш жұмыста істеп, несие алып жүргендіктен, табысы көбірек жұмыс іздейді. Сондықтан «Алматы жастары» баспана бағдарламасы жастар үшін өте үлкен көмек. Үйің болса, алаңсыз өз мамаңдығына 100 пайыз беріліп еңбек етесің», - дейді жастардың белсенді өкілі Алмас Сағынұлы.