Алматыдағы екі ауруханаға мина қойылды деген ақпарат түсті

Алматыдағы екі ауруханаға мина қойылды деген ақпарат түсті
Сурет: Рhs-mt.ru

Қазір эвакуация жүріп жатыр.

Алматы полициясы қаладағы екі ауруханада бомба бар деген ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№4 қалалық аурухана мен жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы миналанды деген ақпарат түскен.

«Қазір медициналық мекемелердің пациенттері мен персоналын эвакуациялау, сондай-ақ көліктерді қауіпсіз жерге қою жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді департаменттен.