Алматылық тұрғынның үйінен 24 келіге жуық марихуана табылды

Алматылық тұрғынның үйінен 24 келіге жуық марихуана табылды
Сурет: Мed-zahid.com.ua

Оған қоса ауласына 6 түп қарасора өсірген.

Polisia.kz-тің мәліметінше, республикалық «Қарасора» іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы Г. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Күдіктінің үйінен рұқсат етілген тінту кезінде жалпы салмағы 23 келіден асатын марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Үйдің іргесіндегі аумақтан да өзі өсірген 6 түп қарасора табылды», – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігіне (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешіп жатыр.