Қазақстан да санкция қаупінде

Қазақстан да санкция қаупінде
Сурет: Vlast.kz

Бүгін Еуропа Одағы Ресейге бағыттаған 11-ші санкция пакетін жариялады. Алдынғыларынан айырмашылығы – санкцияларды үшінші бір мемлекет арқылы айналып өтудің алдын алуға бағыттаған. Былайша бұл санкция сериясы Ресейге астыртын көмектесіп жатқан мемлекеттерді нысанасына алып отыр.

Демек, бұл Орта Азия елдеріне, соның ішінде Ресеймен тығыз сауда-экономикалық байланысқа ие Қазақстанға да қатысты.

Санкция талаптарына сәйкес, ендігі жерде ЕО Ресейдің әскери әрекеттеріне жәрдем бере алатын тауарларды экспорттауға шектеу қояды. Тікелей Ресейге экспорт ертеден шектелген. Алдағы уақытта астыртын көмек көрсетіп отыр деп танылған елдерге де экспорттауға тыйым салмақ.

Ресейдің мұнай өнімдеріне қатысты шектеуде күшейе түскен. Одақ мүшелерінің порттарына ресейлік мұнай өнімдерін тасымалдаған кемелер кіре алмай қалуы мүмкін.

Украина дағдарысына байланысты Ресей мен Еуропа елдерінің арасындағы теке-тірес әбден қатал бола түскен. Енді міне Ресейге санкциядан жалтаруға көмектесті делінген үшінші бір елдер де санкцияға ілінгелі отыр.

Мәселе бізге де қатысты

Украинада соғыс басталып, Батыс санкциясы күшеюімен қатар Орта Азия елдеріне тауар тасымалдау көлемі ілесе көбейді. ЕО аймақ елдері арқылы Ресейге экспорттауға шектеу қойылған тауарлар өтіп кетіп жатқанына реніш білдіріп келген.

Бұл мәселені аймақ елдерінің басшыларымен талқылауға бірер мәрте еуропалық лауазымдылар да келіп қайтқан. Тіпті Еуропалық комиссияның төрағасы Шарль Мишель де «Орта Азия – ЕО» саммитінде мәселеге салмақ беріп кетіп еді.

Әрине, ОА елдері үшін бұл мүлде ыңғайсыз жағдай. Бір жағында қуатты ЕО, енді бір жағында өзіне экономикалық әм саяси ықпалы басым Мәскеу. Оның үстіне теңіз жолдары түрлі себептермен қысыла бастаған қазіргі кезді аймақ елдері маңызды транзиттік елдерге айналып қалды.

Қос тараптың мүдде қайшылығына барып тірелетін бұл істе Қазақстан, Қырғызстан секілді ЕАЭО-ға мүше елдері үшін тіпті сын күшті. Сондықтан екі елдің үкіметтері осыған дейінде өзіндік жауап әрекеттерін жасап жатыр.