Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтата тұрады

Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтата тұрады
Сурет: Primeminister.kz

Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Үкіметтің Telegram парақшасындағы мәліметке сенсек, қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қараған.
Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады.
Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды.