Алдағы жылы Алатау ауданында алғашқы көпбейінді аурухана құрылысы басталады

Алдағы жылы Алатау ауданында алғашқы көпбейінді аурухана құрылысы басталады
egemen.kz

Бүгінде Алатау ауданы азаматтарына 8 емхана (5 мемлекеттік және 3 жеке меншік) және 5 амбулатория қызмет көрсетеді, оларға 250 мыңға жуық адам тіркелген.

Жыл соңына дейін "Саялы" және "Қарасу" шағынаудандарында күніне 200 адамға қызмет көрсететін 2 амбулаторияның құрылысы басталады. Сондай-ақ Алатау ауданында алғашқы көпбейінді аурухана салу үшін жер учаскесі Зерделіде анықталды. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылы құрылысы басталады.