Көші-қон қызметі комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі

Көші-қон қызметі комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі
Сурет: Gov.kz

Тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Көші-қон қызметі комитетінің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету және бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізіледі.

«Көші-қон қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпаратты 14028 7172 714 109 нөмірлері арқылы хабарлауларыңызды және жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда оларды tolybekov.n@antikor.gov.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз», - делінген ANTIKOR баспасөз қызметінің хабарламасында.