Қазақ ғылымының ахуалы қалай?

Қазақ ғылымының ахуалы қалай?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні.

1990 жылдары елде ғалымдардың саны 40 мыңдай болса, қазір 23 мыңнан асады. Тоқырау кезеңінде ғалымдарымыздың көбі бизнеске бет бұрса, біршамасы шетел асқан. Бұл күнде сол өзге елде ғылыммен айналысып жүрген қазақ ғалымдары елдің жас ғалымдарын оқытып жүр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

- Көпшілік сол өзіміздің жерлестеріміз сол жақта жұмысын жалғастыра берсе деген ойдамыз. Келіп жататын болса, бізге осы еліміздің жас ғалымдарын тәрбиелеуде көмектеседі. Ол бізге ең оңтайлы жолдардың бірі. Өйткені нақты әлемдік деңгейде жүзеге асып жатқан ғылыми жетістіктердің өздері сол бәсекелестік деңгейінде болу керек. Келем дегендерді лабораторияға қалыптастыру керек. Жас ғалымдарды беру керек тәрбиелеуге, дейді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.

Ресми деректерге сүйенсек, кейінгі он жылда елдегі ғылым саласына бөлінген қаржы жалпы ішкі өнімнің 0.13 пайызынан асқан емес. Ал келешекте бұл көрсеткішті 1 пайыздан асыру көзделіп отыр. Кейінгі 3 жылда бұл салаға 650 млрд-тан астам қаржы бөлінген.

- Ғылымның дамуы үшін ғылым саласының беделін көтеру қажет деп ойлаймын. Жастар өз елімізде де мүмкіндігі мол зертханалар барын, мемлекеттік қолдаудың барын білуі қажет. Сонда ел жастары ғылымға қызығып, әртүрлі жаңашылдықтар ашатын болады, - дейді НУ ҰҒА биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының меңгерушісі Шолпан Асқарова,

Ғылымның әр саласы маңызды. Бірін кейінге қалдырып, екіншісіне басымдық бере алмаймыз.

  - Ғылымның кез келген саласы маңызды. Мысалға біз пандемия кезінде сезіндік биотехнологияны, тағы басқа медицина саласын дамыту керек екенін, соған қаржы көптеп құю керек екенін сездік. Ал енді бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан табиғи апаттарға қарай отырып, су саласының мамандарын, гидрологтарды, геология саласындағы ғалымдарды, тағы басқа осы салаға басымдық беру керек екенін біліп жатырмыз. Ертең осындай бір кез келген кемшіліктердің болуын болдырмас үшін ғылымның кез келген саласына мүмкіндік беру қажет, - дейді Сәтбаев университетінің инженерлік бейінді зертхана жетекшісі Азат Сейтхан.

Бұған дейін елде ғылымның 96 саласы болса, алдағы уақытта олар біріктіріліп, нақты 6 басым бағыты бойынша жұмыс атқарылады. Оның ішіне әлемдік ғылымның, технологияның жаңа бағыттары назарға алынды.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/647493-aly-alaj-aza-ylymy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс